қазақ тілі
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Тіл – адамдар арасындағы байланыс құралы ғана емес, ұлтты ұлт ретінде айқындайтын негізгі ұстындардың бірі һәм бірегейі. Ұлттық ерекшелігіміздің, мәдениетіміздің, тарихымыздың және салт-дәстүріміздің ажырамас бір бөлігі. Сондықтан мемлекеттік тілдің дамуына және оның барлық салаларда басымдықпен қолданылуына қоғамның назарын аудару өте маңызды.
Технология • 26 Наурыз, 2024
Siri мен Алиса қазақ тілінде қашан сөйлейді?
Мәжіліс кулуарында Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов қазір IT секторы мен жасанды интеллект мәтінінде қазақ тілін дамыту өте маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Наурыз, 2024
Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады - Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші жиынында ел тағдыры үшін өзекті мәселелерге тоқталды. Президент қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту - мемлекеттің басты бағыты, мызғымас ұстанымы екенін айрықша нұсқады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Сенатор қазақ тілінің мәртебесін арттырудың маңызы туралы айтты
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының жетекшісі Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2024
«Талабың оң болсын». Бельгиялықтар асырап алған бала қазақ тілін үйренуді бастады
2004 жылы Арқалықтан шетел асқан қазақ баласы ана тілін үйренуді бастады. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
«Жасанды интеллект»: Қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі даму мәселесі талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жұмысымен танысты. Осы күнге дейін 170 мыңға жуық қолданушы «Тіл құрал» (5 деңгейлі жүйе) мен «Бала тілі» (9 жасқа дейінгі балаларға арналған) секілді тілдік онлайн платформалар арқылы оқыған. 400 мыңға жуық термин топтастырылған «Termincom.kz» платформасы да таныстырылды. Аталған портал терминдерді жүйелеу базасы міндетін атқарады. Бұл жұмысқа тиісті салалық мамандар тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 13 Желтоқсан, 2023
Биыл TikTok платформасының қосымшасы қазақ тілінде сөйледі
Таяу күндері TikTok платформасы 2023 жылды қорытындылай келе, Қазақстанның ең жарқын трендтері, көрнекті креаторлары мен басты хиттерінің тізімін жариялады.
Президент • 07 Желтоқсан, 2023
Президент қазақ тілін қолдау қорына алғашқы жарнаны аударды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы QAZAQ TILI қорына бірінші болып 7 миллион теңге көлемінде жеке жарна аударды. Бұл туралы «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжехан Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Келесі жылдан бастап заң қазақ тілінде жазылады
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан 2024 жылдан бастап Үкімет заңды қазақша жазатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
«Қазақ тілін үйренетін уақыт келді». Илья Ильин оқырмандарын таң қалдырды
Қазақстанның ауыр атлеті Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында оқырмандарына қазақша видео-үндеу жасады. Видеода спортшы қазақ тілін үйренгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қазан, 2023
Балабақшадағы әрбір қабырға қазақша «сөйлеп» тұруға тиіс - Манар Адамова
Баласының орысша шүлдірлеп бара жатқанына алаңдаған ата-аналар баласын қазақтілді балабақшаға бергенімен нәтиже болмай тұр. Әріптесіміз Айдана Шотбайқызы осы бір өткір мәселені «Баламды қазақшаға біл деп бердім» атты мақаласында көтеріпті.
Қоғам • 06 Қазан, 2023
Қазақ тілін білуім өмірде көп көмегін тигізді – Кирилл Пономаренко
Кирилл Пономаренко қазақ тілінде еркін, жатық сөйлейді. Оған телефон соғып, жөнімізді айтқанымыз сол еді, Кирилл қазақша көсіле кетті. Шынымен ұлты орыс па еді деп ойланып қалыппыз. Болмысы да ашық-жарқын, жайдары жан екен.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023
Тілімді ән арқылы жетілдірдім - Тоқтар Әубәкіров
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров журналистермен кездесуінде ғарыш сапарынан келген соң қазақ тілінде жатық сөйлеуді қалай тез меңгеріп алғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
Ресейлік блогер қазақ тілін қалай үйренгенін айтты
Ресейлік блогер Иван Червинский Instagram парақшасында Қазақстанға қалай келгенін, қазақ тілін қалай үйренгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2023
ҚР Президентінің Іс басқармасында тіл мерекесіне арналған іс-шара өтті
Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай ҚР Президентінің Іс басқармасында «Мемлекеттік тіл – татулықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2023
Атам қазақ тілінде сөйлеуді бұйыратын - Димаш Құдайберген
Әлемге танымал әнші, музыкант Димаш Құдайберген Ресей радиосының тілшісіне орыс тіліне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы журналист әрі қоғам белсендісі Айдос Жұқанұлы өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2023
Ресейлік блогер қызын қазақ мектебіне берді
Қазақстанға көшіп келген блогер, әлеуметтік желіде alga.peterburg (Алға Петербург) аккаунтымен белгілі Иван Червинский қызы Ева-Марияны Алматы қаласындағы №33 мектеп-лицейге қазақ тілінде оқуға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2023
Жаңа жоба көптің көңілінен шықты
Шығыс Қазақстан облысының оқушыларына қазақ тілін үйрету мақсатында қолға алынған «Қонақжай отбасы» жобасын келесі жылы да жалғастыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Тамыз, 2023
«Астанада неге бәрі орысша сөйлейді, бұл Ресей емес қой!» – Англияда өскен қазақ баласы
Әлеуметтік желіде шетелде өскен қазақ баласының бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Тамыз, 2023
Алматыда қазақ тілін үйрететін тегін сабақтар өтеді
Алматы қаласы әкімі аппаратының тапсырысы бойынша қазақ тілін тегін үйрететін курс ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 24 Мамыр, 2023
2024 жылдан бастап заңды қазақ тілінде жазу міндеттеледі
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов екі тілде жазылған нормативтік құжаттардың мағынасы бір-біріне сәйкестігі тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2023
ЖОО бағдарламасына «Кәсіби қазақ тілі» пәнін енгізу жоспарланып отыр
Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарының бағдарламасына «Кәсіби қазақ тілі» пәнін енгізуді жоспарлап отыр. Ол білім алу тіліне қарамастан, студенттердің бәріне ортақ міндетті пән болады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Сәуір, 2023
Қазақ тілі білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек - Тоқаев
Қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Сәуір, 2023
Венгр қызы: Қазақстанға қазақ тілін үйрену үшін көшіп келдім
Қазақ мәдениетін зерттеп жүрген шетелдік қыздың ерекше оқиғасы таңғалдырды. Ол қобыз аспабында да жақсы ойнайды. Шетелдік азамат тіл үйрену үшін Түркістанға келіп, ұлттық аспаптарда ойнаудың қыр-сырын меңгере бастағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Парламент • 14 Сәуір, 2023
Мәулен Әшімбаев: ТМД елдеріндегі ЖОО-ларда қазақ тілін оқытуды қолдаймыз
Санкт-Петербург қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 55-ші пленарлық отырысы өтті. Оған Достастыққа мүше мемлекеттердің Парламент Палаталарының басшылары қатысты. Аталған жоғары парламентаралық алаңға Қазақстан делегациясын Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Сәуір, 2023
Шенеуніктерге қазақ тілінен емтихан тапсыру міндеттелуі мүмкін
Қазақстанда мемлекеттік қызметке кіру кезінде қазақ тілін білуге арналған тест тапсыру міндетті болуы мүмкін. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Сәуір, 2023
Латын әліпбиіне көшуде қателесуге құқымыз жоқ - Мемлекет басшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысы барысында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне қатысты пікір білдірді. Президенттің айтуынша, латын әліпбиіне көшу жұмыстары аясында көптеген өрескел қате жіберілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Сәуір, 2023
«Жарты жыл уақыт беріңіз»: Жаңа министр қазақ тілін үйренуге уәде берді
Журналистер Үкімет отырысынан кейін Алмасадам Сәтқалиевтен қойған сұрақтардың бәріне неліктен тек орыс тілінде жауап беретінін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Наурыз, 2023
Қазақстан халқының 92 пайызы қазақ тілін меңгерген
2022 жылы Қазақстанда тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеу жүргізілді. Зерттеу қорытындысына сәйкес, халықтың 92%-ы мемлекеттік тілді меңгергені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2023
Болгарияның ең ірі жоғары оқу орнында қазақ тілі оқытылады
Жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстанның Болгариядағы елшісі Виктор Темірбаев Әулие Клемент Охридски атындағы София университетінің ректоры Анастас Герджиковпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.